Өрлеу

«БІЛІМ АЛУШЫНЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ

«БІЛІМ АЛУШЫНЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» курсы басталды. Бағдарлама білім алушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу бағытында педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған.

Кәсіби бағдар беру бұл білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттарының бірі. Ол білім алушының қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділігін анықтауға, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінігін кеңейтуге және болашақ кәсіби жолын дұрыс жоспарлауына мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептің рөлі ерекше, өйткені педагогтер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың кәсіби таңдауына бағыт-бағдар бере алады.

Курстың негізгі мақсаты педагогтерге білім алушыларды кәсіби бағдарлау жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, кәсіби бағдар берудің заманауи тәсілдерін оқу үдерісіне енгізуге қолдау көрсету. Сонымен қатар бағдарлама оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруге, олардың мамандықтар әлемі туралы білімін кеңейтуге және кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасауға арналған.

Мұндай бастамалар білім алушылардың саналы кәсіби таңдау жасауына қолдау көрсетіп, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«БІЛІМ АЛУШЫНЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ — Өрлеу