Өрлеу

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСПЕ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ: ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСПЕ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ: ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Педагогикалық қызметке кіріспе» курсы басталды. Курс педагогикалық қызметке жаңадан қадам басқан мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, педагогикалық жұмыстың негізгі ерекшеліктерін меңгеруіне арналған.

«Педагогикалық қызметке кіріспе» курсы педагогтің кәсіби жолындағы маңызды кезеңдердің бірі. Оның негізгі мәні мамандарға педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін түсінуге, кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға және үздіксіз дамудың маңызын ұғынуға қолдау көрсету.

Мұғалім тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар білім алушының тұлғалық дамуына ықпал ететін, оның қабілеттерін ашуға көмектесетін және өмірлік құндылықтарының қалыптасуына әсер ететін маңызды тұлға. Сондықтан педагогикалық қызметті бастау маманнан пәндік біліммен қатар, кәсіби жауапкершілікті, педагогикалық әдепті, тиімді қарым-қатынас орнату қабілетін және үнемі ізденіске дайын болуды талап етеді.

Нағыз маман болып қалыптасу үдерісінде теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыру өте маңызды. Педагогикалық жағдайларды талдау, әртүрлі оқу жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдау, білім алушылармен тиімді байланыс орнату және өз қызметінің нәтижелерін бағалау маманның кәсіби тұрғыдан дамуына ықпал етеді. 

Педагогтің кәсіби қалыптасуына бағытталған мұндай білім беру бастамалары сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға және білім беру жүйесінің тұрақты дамуына үлес қосады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСПЕ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ: ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ — Өрлеу