«Ұстаз» ұлттық платформасының жұмысының артында не тұр?

«Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның «Ұстаз» ұлттық платформасы – педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестаттау үдерістерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін негізгі цифрлық жобалардың бірі.
Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқожинаның айтуынша, пайдаланушыларға арналған интерфейстің артында мамандардың күн сайынғы үйлесімді еңбегін талап ететін күрделі цифрлық экожүйе жұмыс істейді.
Департамент командасы платформаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның функционалын тұрақты түрде дамытып келеді: жаңа сервистерді жобалайды, жаңартуларды енгізеді, қолданыстағы құралдарды жетілдіреді және жүйенің өнімділігін арттырады.
Сондай-ақ платформаны мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялауға, серверлік инфрақұрылымды дамытуға, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және педагогтер мен аттестаттау комиссияларына жедел техникалық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады.
Бүгінде «Ұстаз» – педагогтердің кәсіби дамуының маңызды үдерістерін біріктіретін біртұтас цифрлық орта. Команданың басты мақсаты – платформаны одан әрі сенімді, ыңғайлы әрі технологиялық тұрғыдан жетілдіріп, әрбір жаңа сервистің пайдаланушылардың жұмысын шын мәнінде жеңілдетуін қамтамасыз ету.
«Әрбір жаңартудың, жаңа функцияның және сәтті шешілген өтініштің артында үлкен команданың күнделікті еңбегі жатыр. Біз білім беру жүйесінің дамуына ықпал ететін технологияларды жасаймыз», – деп атап өтті «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқожина.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
