Өрлеу

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ДӘСТҮР МЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСЫ

Ұлттық қолөнер – өткеннің естелігі ғана емес, бүгінгі ұрпақтың шығармашылық ойлауына серпін беріп, ұлттық болмысты жаңа қырынан танытатын құндылық. Ал дәстүрлі өнерді заманауи технологиялармен ұштастыру – оны жаңғыртып қана қоймай, келер ұрпаққа жеткізудің тың жолы.

Осы идеяны арқау еткен «Ағаш графикасы және жасанды интеллект: ұлттық қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғырту» тақырыбындағы облыстық семинар «Сымбат» мектеп-интернатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында филиал кафедрасының меңгерушісі Болат Бухарбаев ұлттық қолөнерді заманауи білім беру кеңістігінде жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, дәстүрлі өнер мен цифрлық технологияларды кіріктірудің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды.

Іс-шара аясында ұлттық өнер мен цифрлық технологиялардың өзара сабақтастығы тәжірибе жүзінде көрсетіліп, қатысушылар дәстүрлі шығармашылықты заманауи құралдар арқылы дамытудың жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, қатысушылар оқушылардың шығармашылық, цифрлық, жобалық және зерттеушілік дағдыларын бағалау критерийлерімен танысып, сабақ барысында қолдануға болатын дайын шығармашылық жобаның үлгісін әзірледі.

Семинардың басты ерекшелігі – ұлттық мұраны тек танып-білумен шектелмей, оны заманауи технологиялар арқылы жаңаша пайымдап, білім беру тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталуы. Өйткені ұлттық құндылықтарды сақтау – оларды бүгінгі заманның мүмкіндіктерімен үйлестіріп, келешекке аманаттау.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар