ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.
Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімдерін даярлаудың білім беру мазмұнын жаңарту және инклюзивті білім
беруді дамыту мәселелеріне арналған республикалық форсайт-сессия өтті.
Іс-шараға
жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері, психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультация (ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің
(ППТК) мамандары, жоғары оқу орындарының өкілдері, республика көлеміндегі
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушылары,
сондай-ақ мектеп мұғалімдері қатысты.
Форсайт-сессия
аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы
бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының
кандидаты Жанар Исаева «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлаудағы білім
беру мазмұны: бүгінгі талап және болашақ бағдар» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама
барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту,
біліктілігін арттырудың басым бағыттары, үздіксіз кәсіби білім берудің жаңа
талаптары мен оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Сонымен
қатар білім беру мазмұнын заман талабына сай жетілдіру және болашақ
педагогтерді кәсіби қызметке сапалы даярлау мәселелеріне назар аударылды.
Сессия
қорытындысы бойынша әріптестермен бірлескен талқылау нәтижесінде кәсіптік
модульдер мен оқыту нәтижелерінің мазмұнын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар
әзірленді.
Форсайт-сессия
білім беру мазмұнын жаңарту, педагогтерді даярлау сапасын арттыру және
инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелерді
талқылауға мүмкіндік беріп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтумен қорытындыланды.
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.