Өрлеу

Мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

Мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру

Хабарландыру мәні: «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы ғимаратының аумағында орналасқан гараж орынжайлары. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Киевская көшесі, 69.

Жалпы ақпарат: гараж орынжайлары 1994–2007 жылдары салынған, материалы — кірпіш, тиісті техникалық жағдайда, мақсатты арналымы бойынша пайдалануға жарамды. Орынжайлар жылытылмайды, электрмен жабдықтау жүйесі жүргізілген. Аумақ күзетіледі, 24/7 бейнебақылау бар.

Жалға алу төлемінің мөлшері: 1 шаршы метр үшін айына ҚҚС есебімен 2 500 (екі мың бес жүз) теңге. Жалға алу төлемі ай сайын төленеді.

Нысандардың қысқаша техникалық сипаттамасы:

  1. Гараж орынжайы

Жалпы ауданы — 44,0 (қырық төрт) шаршы метр.

Қақпа өлшемі: ені — 2,35 м, биіктігі — 2,80 м.

Төбенің биіктігі — 3,20 м.

  1. Гараж орынжайы

Жалпы ауданы — 119,8 (жүз он тоғыз бүтін оннан сегіз) шаршы метр.

Екі қақпасы бар. Қақпа өлшемі: ені — 3,80 м, биіктігі — 2,80 м.

Төбенің биіктігі — 3,20 м.

  1. Гараж орынжайы

Жалпы ауданы — 32,0 (отыз екі) шаршы метр.

Қақпа өлшемі: ені — 2,35 м, биіктігі — 2,80 м.

Төбенің биіктігі — 3,20 м.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған көлік қарау шұңқыры бар.

  1. Гараж орынжайлары — 3 дана

Әр орынжайдың ауданы — 32,0 (отыз екі) шаршы метр.

Қақпа өлшемі: ені — 2,35 м, биіктігі — 2,80 м.

Төбенің биіктігі — 3,20 м.

  1. Гараж орынжайы

Жалпы ауданы — 32,0 (отыз екі) шаршы метр.

Қақпа өлшемі: ені — 3,80 м, биіктігі — 2,80 м.

Төбенің биіктігі — 3,20 м.

Орынжайлар келісілген жалға алу шарттарына сәйкес жеке де, бірлесіп те (бірнешеуі немесе барлық орынжайлар) жалға берілуі мүмкін.

Нысанның мақсатты пайдаланылуы: пайдалану мақсаты нысанның функционалдық және техникалық арналымына, қауіпсіздік, санитариялық, өртке қарсы және өзге де міндетті талаптарға, сондай-ақ Шарт талаптарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыру үшін.

Рәсімге қатысушылар: қатысуға Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жіберіледі.

Әлеуетті жалға алушыны таңдау критерийлері:

  1. ұсынылатын жалға алу төлемінің мөлшері;
  2. нысанды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
  3. өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы хабарландыруда және құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкестігі;
  4. құжаттамада көзделген өзге де критерийлер.

Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері:

Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 24 қыркүйектен 2 қазанға дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық к-сі, 18, 22-қабат, 13-кабинет, «Москва» БО.

Өтінімдерді қарау күні, уақыты мен орны: 2026 жылғы 5 қазан сағат 10:00-де, мекенжайы: Астана қ., Достық к-сі, 18, 22-қабат, «Москва» БО.

Рәсімге қатысу тәртібі:

Қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда осы хабарландыруда көрсетілген тәсілмен өтінім береді.

Қағаз жеткізгіштегі өтінімге өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды және ол жабық (мөрленген) конвертте ұсынылады.

Электрондық өтінім және оған қоса берілетін құжаттар PDF форматында 2026 жылғы 2 қазан сағат 18:00-ден кешіктірілмей kuzhat@orleu-edu.kz электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

Өтінімде мыналар болуы тиіс:

  1. заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның не жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің сәйкестендіру және байланыс деректері;
  2. нысанды пайдалану мақсаты;
  3. егер хабарландыруда нұсқаларға жол берілсе, ұсынылатын жалға алу мерзімі;
  4. мөлшері бастапқы бағадан төмен болмайтын ұсынылатын ай сайынғы жалға алу төлемі;
  5. осы хабарландырудың міндетті шарттарымен және Шарт жобасымен келісетінін растау;
  6. өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. құрылтай құжаттарының көшірмелері — заңды тұлғалар үшін;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — жеке тұлғалар үшін; жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат не электрондық нысандағы тиісті мәліметтер — жеке кәсіпкерлер үшін;
  3. өтінім берілген күнге дейін бір айдан ерте емес берілген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығын растайтын құжат;
  4. өкілдің өкілеттігін растайтын құжат — өтінім өкіл арқылы берілген жағдайда.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер электрондық құжаттар, цифрлық құжаттар, анықтамалар немесе тексерілетін үзінді көшірмелер түрінде ұсынылуы мүмкін.

Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінімдер өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіле отырып, қаралмайды.

Комиссия өтінімді мынадай жағдайларда кері қайтаруға құқылы:

  1. өтінім белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенде;
  2. міндетті құжаттар немесе мәліметтер болмағанда (егер тиісті кемшіліктер өтінім мазмұнын өзгертпей жойылуы мүмкін болмаса);
  3. шынайы емес мәліметтер ұсынылғанда;
  4. өтініш беруші немесе ұсынылатын нысанды пайдалану белгіленген міндетті талаптарға сәйкес келмегенде;
  5. бастапқы бағадан төмен жалға алу төлемі ұсынылғанда.

Рәсімге қатысушылардың құқықтары:

  1. құжаттаманы және рәсімді өткізу мәселелері бойынша түсініктемелерді алуға;
  2. нысанды алдын ала қарап шығуға;
  3. осы хабарландыруда көзделген тәсілмен жазбаша немесе электрондық хабарлама жіберу арқылы өтінім қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға.

Қосымша шарттар:

Орынжайлар Жалға алушыға пайдалануға және мақсатты арналымы бойынша қолдануға жарамды күйде беріледі және берілу сәтінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етпейді.

Жалға алу кезеңінде орынжайларды пайдалануға байланысты ағымдағы косметикалық жөндеу жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, мұндай жұмыстарды Жалға алушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және Жалға алу шартының талаптарына сәйкес өз есебінен жүзеге асырады.

Коммуналдық қызметтерді, пайдалану шығыстарын, сондай-ақ орынжайларды пайдаланумен және күтіп-ұстаумен байланысты басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелері Жалға алушыға жүктеледі. Жеке электр есептегішін орнатуды Жалға алушы өз есебінен жүзеге асырады.

Байланысатын тұлға: А. Страшенко
Телефон: 8 771 549 29 99
Жалға алу шарты: сілтеме

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін әлеуетті жалға алушыны таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру — Өрлеу