800-ге жуық педагог курсты сәтті аяқтады

📚«Өрлеу» БАҰО»
Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында 28 қыркүйек пен 9 қазан
аралығында жоспарлаған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Бұл жолы
мемелкеттік тапсырыс аясында 32 білім беру бағдарламасы бойынша 793 педагог
білімін жетілдірді. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен
орынбасарлары, математика, физика, биология, ағылшын тілі, информатика,
бастауыш сынып мұғалімдері, шағын жинақты мектеп педагогтері мен әдіскерлер
бар.
Тыңдаушыларға институт базасында
сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Филиал директоры мен директордың
орынбасарлары қатысушыларға сәттілік тілеп, алғысын жеткізді. Курс барысында
белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткендер арнайы марапатталды. Мемлекеттік
орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті
арттыру бюджеттік курстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Бұл курстар педагогке не береді?
✅ Жаңартылған білім мазмұны мен мемлекеттік стандарттарды
тәжірибеде қолдану
✅ ЖИ, STEAM, робототехника, инклюзивті білім беру бойынша
заманауи құзыреттер
✅ Кәсіби қоғамдастық, тәжірибе алмасу және әдістемелік
қолдау
Кәсіби даму – үздіксіз процесс!
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.