Өрлеу

ӨРЛЕУ-TRAINER: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПРОМПТ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

ӨРЛЕУ-TRAINER: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПРОМПТ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ

Филиалда ұйымдастырылған кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушылардың цифрлық құзыреттерін жетілдіруге арналған шеберлік сыныбы өтті.

«Жасанды интеллект арқылы жекелендірілген оқыту және промпт құрылымдары» тақырыбындағы сабақта қатысушылар сапалы промпт құрастыру қағидаларымен танысып, тиісті құралдармен жұмыс істеу алгоритмдерін меңгерді.

Шеберлік сыныбы барысында RTF, CTF, TAG және GRADE модельдерінің ерекшеліктері мен қолдану мүмкіндіктері түсіндірілді. Тренерлер нақты тапсырма тұжырымдау, қажетті контекст ұсыну, күтілетін нәтижені айқындау және жауап сапасын арттыру тәсілдерін зерделеді.

Практикалық бөлімде аталған модельдерді білім беру міндеттеріне бейімдеу, оқу материалдарын түрлендіру, ақпаратты талдау, шығармашылық тапсырмалар әзірлеу және білім алушылардың қажеттіліктеріне сай сұраныстар құрастыру жолдары пысықталды.

Шеберлік сыныбы аға оқытушылардың цифрлық құралдарды кәсіби қызметінде тиімді пайдалануына, оқу үдерісін жетілдіруіне және заманауи әдістерді тәжірибеге енгізуіне ықпал етті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ӨРЛЕУ-TRAINER: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПРОМПТ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ — Өрлеу