ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒДАРЫ

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының
қызметкерлері мен курс тыңдаушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел
дамуының өзекті міндеттеріне арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның
өзекті міндеттері» атты Жолдауын тыңдады.
Жолдауда еліміздің алдағы даму бағыттары айқындалып,
білім беру жүйесін жетілдіру, адам капиталын дамыту және өскелең ұрпақтың
жан-жақты қалыптасуына жағдай жасау мәселелеріне басымдық берілді.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында жарияланған
Жолдауда Президент келер ұрпаққа экономикасы қуатты, технологиясы дамыған,
білім мен ғылымға негізделген мемлекет қалдырудың стратегиялық маңызын атап
өтті.
Білім беру саласындағы негізгі басымдықтардың бірі –
педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау және артық жұмыс жүктемесін
азайту. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы реформалар мұғалім еңбегін
жеңілдетуге, артық есептілік пен әкімшілік міндеттерді қысқартуға бағытталуы
керектігіне тоқталды.
Сапалы білімнің әр балаға қолжетімді болуын қамтамасыз
ету мақсатында инклюзивті білім беруді дамыту мәселесіне де ерекше назар
аударылды. Соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының
артуына байланысты Үкімет пен әкімдерге тиісті инфрақұрылымды дамыту, маман
тапшылығын азайту және балалардың ерекшеліктерін ерте жастан анықтау жұмыстарын
жүйелі жүргізу міндеті қойылды.
Президент Жолдауы – елдің адами әлеуетін нығайтып,
болашақ ұрпақтың дамуына негіз болатын маңызды қадам. Ел болашағы – адал еңбек,
әділ шешім және нақты істе!
Басқа жаңалықтар

STEAM МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Инклюзивті білім беру жағдайында әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеретін тиімді оқыту ортасын қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл бағытта STEAM тәсілі мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Зерттеу және жобалау қызметі: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн курс
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу және жобалау қызметі» онлайн біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Мемлекет басшысының Жолдауына үн қосу: Kókshe эфиріндегі сарапшылар пікірі
Kókshe облыстық телеарнасының «Мемлекет басшысының Жолдауы: білім берудегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы жаңалықтар сюжетіне филиалдың Ақмола облысы бойынша директоры Жанна Байгаринова мен курс тыңдаушылары қатысты