Әріптестерімізді құттықтаймыз!

«Өрлеу» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы ҚГБ кафедрасының меңгерушісі Наталья Даниловна Подкомаровскаяны және кафедраның аға оқытушысы Асем Едильжановна Ахметованы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Алматовтың Алғыс хатын алуымен құттықтайды!
Алғыс хатта олардың біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын сапалы әзірлеуге және тиімді іске асыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға қосқан үлесі атап өтілді.
Әріптестерімізді еңбектерінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз алдағы уақытта да жемісті болып, педагогтердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер аша берсін!

Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
