«Өрлеу» Басқарма төрағасы Шымкент филиалының даму бағытын айқындады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов жұмыс сапарымен Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында болып, филиалдың қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерімен және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстармен танысты.
Кездесу барысында филиалдың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері таныстырылды. Биыл 2 885 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып, бүгінгі күні жылдық жоспардың 47%-ы орындалған. Сонымен қатар курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өңірлік жобалар жүйелі жүзеге асырылып, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастырылған.
Жұмыс сапары аясында білім беру сапасын арттыру, цифрлық білім беру ортасын дамыту, ғылыми әлеуетті күшейту және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша филиал қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттерін арттыруға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізудің сапасын жақсартуға, сондай-ақ филиалдың материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен нығайтуға ерекше назар аударылатын болады. Осы міндеттерді іске асыру филиал жұмысының тиімділігін арттыруға, өңірдегі педагогтерге жүйелі қолдау көрсетуге және филиалдың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫ: ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ
Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшалардың жаңадан тағайындалған жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында пилоттық жоба бойынша педагогтерді аттестаттаудың негізгі талаптары мен кезеңдері, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі, портфолионы қалыптастыру және қажетті мәліметтерді енгізу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда. Институтта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған түсіндірме кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығымен бекітілген талаптар және пилоттық жоба аясындағы аттестаттаудың жаңа тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби…