ҚОСТАНАЙЛЫҚ «ӨРЛЕУ» ӨКІЛІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

24 сәуірде «СҚО-Өрлеу» филиалы мен Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Іс-шараға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының педагогтері қатысты. Семинарға офлайн форматта 70, онлайн форматта 300-ден астам қатысушы жиналды.
Семинардың пленарлық бөлімінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог – 2023» атағының иегері Жахонгир Абдразакович Гаппаров баяндама жасады.
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.