«Ұстаз» платформасы бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығының Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты платформа
бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме
жұмыстарын ұйымдастырды. Вебинарға институт директорының орынбасары Мұхтар
Ахтаев, бас маман Гаухар Ауешова және жүйе әкімшісі Ердәулет Алимжанов қатысып,
аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне,
әдіскерлеріне аттестацияға жауапты кадр мамандарына түсіндірме жұмыстарын
жүргізді.
Вебинар барысында «Ұстаз»
платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі
жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар педагогтердің жеке профилін
дұрыс толтыру тәртібі, құжаттарды жүктеу кезінде туындауы мүмкін қындықтардың
себептерін анықтау және олардың алдын алу жайы қарастырылды. Біліктілік
санатының әр санаты бойынша шектік деңгейлер түсіндірілді. Қатысушылар
аттестаттау материалдарын жүйелі дайындау бойынша ақпараттармен танысып,
көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.