«Ұстаз» платформасы бойынша вебинар өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
Вебинарға институт директорының орынбасары Мұхтар Ахтаев, бас маман Гаухар Ауешова және жүйе әкімшісі Ердәулет Алимжанов қатысып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жауапты мамандарына, сондай-ақ педагог-психологтің цифрлық бейінін қалыптастыру мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Вебинар барысында «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді.
Сонымен қатар педагогтердің жеке профилін дұрыс толтыру тәртібі, құжаттарды жүктеу кезінде туындауы мүмкін қындықтардың себептерін анықтау және олардың алдын алу жайы қарастырылды.
Біліктілік санатының әр санаты бойынша шектік деңгейлер түсіндірілді. Қатысушылар аттестаттау материалдарын жүйелі дайындау бойынша ақпараттармен танысып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Басқа жаңалықтар

Педагогтер Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тікелей трансляциясын бірге тамашалады.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.