Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның бірлескен жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша 40 сағаттық кезекті курс басталды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің 22 педагогі, оның ішінде мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары мен математика пәнінің мұғалімдері оқуға кірісті.
Бағдарлама педагогтердің қаржылық құзыреттерін дамытуға, жеке қаржыны сауатты басқару, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқу барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты дамытуға арналған практикалық құралдар мен заманауи тәсілдерді меңгереді. Курс бағдарламасында оқушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Бүгін педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы біз ертеңгі қаржылық сауатты ұрпақтың негізін қалаймыз. Барша қатысушыларға нәтижелі оқу тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.