Өрлеу

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

21–22 қазан күндері Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтері мен мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған онлайн түсіндіру кездесулері өтті.

Zoom платформасында өткен кездесулерде педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру бағыттары, курстан кейінгі қолдау тетіктері, сондай-ақ үздіксіз кәсіби дамуға арналған ұлттық «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Пилоттық жобаның негізгі компоненттері мен өткізу шарттары, педагогтің кәсіби цифрлық бейінін қалыптастыру және оны бағалау критерийлері бойынша түсіндірме берілді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының міндетін атқарушы, аттестаттау бойынша әдістемелік бағытқа жауапты К.И. Байкатова әдістемелік мәселелерді түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. ІТ маманы Г.Г. Имангалиев техникалық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында педагогтер аттестаттауға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Бұл кездесулер қатысушыларға пилоттық жоба талаптарын жан-жақты түсінуге, кәсіби жетістіктерін жүйелеуге және аттестаттауға дайындық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ — Өрлеу