Өрлеу

Ақмола облысының мектептерінде пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысының мектептерінде пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Ақмола облысының мектептерінде педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша пилоттық жоба аясында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Пилоттық жобаның негізгі аспектілерін жан-жақты түсіндіруге ерекше назар аударылуда.
Бұл ауқымды әрі маңызды жұмысты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлдарай Қырқаева атқаруда.
Педагогикалық ұжымдармен өткен кездесулер шеңберінде Гүлдарай Қырқаева:
 * Пилоттық жобаның өзекті талаптары мен ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
 * Мұғалімдердің, мектеп басшылары мен әдіскерлердің барлық сұрақтарына нақты жауап береді.
 * Өңірдің білім беру ұйымдарына әдістемелік және практикалық қолдау көрсетеді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Ақмола облысының мектептерінде пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде — Өрлеу