Өрлеу

«Өрлеу» және British Council: кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

«Өрлеу» және British Council: кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Қазақстандағы British Council директоры Роберт Тейлор ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Әріптестік аясында ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, курстан кейінгі қолдауды күшейту, тренерлер жұмысын қолдау және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына арналған жүйелі тәсілдерді әзірлеу көзделген.

Басты бағыттардың бірі — курстан кейін де педагогті қолдауды жалғастыру. Оқу материалдары, онлайн-сессиялар, практикалық тапсырмалар мен тәжірибе алмасу алаңдары мұғалімнің алған білімін күнделікті жұмысына енгізуіне мүмкіндік береді.

Ал бірлесіп әзірленетін үздіксіз кәсіби даму құрылымы жас маманнан тәжірибелі педагогке дейінгі кәсіби өсу траекториясын қамтиды. Халықаралық тәжірибе Қазақстанның білім беру ортасына бейімделеді.

Ең маңыздысы — нәтиже мектепке жетеді. Педагогтердің кәсіби оқуын қолдауға арналған әдістемелік ресурстар Қазақстанның 30 мектебінде тәжірибеге енгізіледі. Жинақталған тәжірибе алдағы уақытта оларды жетілдіріп, кеңінен қолдануға негіз болмақ.

«Өрлеу» мен British Council әріптестігінің өзегі — педагогке бір курспен шектелмейтін, кәсіби жолының әр кезеңінде жалғасатын қолдау жүйесін қалыптастыру.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Өрлеу» және British Council: кәсіби дамуға жаңа мүмкіндік — Өрлеу