Бүгін «СҚО-Өрлеу» филиалында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттаудың ресми салтанатты рәсімі өтті.

Конкурс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына енгізілген.
Айта кету керек, конкурс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын өз тәжірибесімен, тиімді практикаларымен және нәтижелі кейстерімен бөлісуге ниетті педагогтердің қызығушылығын арттыруда.
Конкурс аясында қазылар алқасы қатысушылардың арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы нақты педагогикалық жағдайлар, жұмыс әдістері мен тәсілдері көрсетілген бейнежұмыстарын бағалады.
Конкурстық жұмыстарды бағалауға дефектолог-мұғалімдер, әдіскерлер, сондай-ақ инклюзивті және арнайы білім беру мәселелерімен айналысатын мамандар тартылды.
Бағалау қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталды.

Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
