СЕМИНАР: XI ҒАСЫР МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯЛАР ЖӘНЕ ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ТӘСІЛДЕРІ

25 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтында білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған облыстық семинар-практикум өтті.
⠀
Семинардың негізгі мақсаты – XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуын басқару мен қолдаудың тиімді тетіктерін айқындау, педагогтердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай қалыптастыру және білім беру үдерісіндегі нәтижелі өзара іс-қимылды ұйымдастыру құзыреттерін жетілдіру.
⠀
Семинар барысында «Педагогтердің үздіксіз кәсіби даму стратегиялары және әдістемелік қолдау құралдарының жүйесі» бағыты бойынша Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы кафедра меңгерушісі Әбитова Сәнім Қуанышқызы кәсіби дамуды жүйелі ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Басқа жаңалықтар

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.
