Өрлеу

Республикалық онлайн-конференция өтті

Республикалық онлайн-конференция өтті

Бүгін «T&T – Теория және Тәжірибе: авторлық бағдарламалар алаңы» республикалық онлайн-конференциясы өтті. Бұл – шебер-ұстаздарға педагогикалық идеяларын жариялап, авторлық жобаларын қорғауға мүмкіндік беретін алаң.

Алдымен «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша КДИ филиалы директоры Нұржан Мәдірайұлы мен Қызылорда облысы бойынша КДИ филиалы директоры Жанат Лесбекқызы сөз сөйлеп, барша әріптестерді мерекемен құттықтады. Бүгінгі іс-шараға 130 тыңдаушы қатысып, олардың алдында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан таңдалған 9 спикер өз авторлық идеясын қорғады.

«Авторлық бағдарламалар – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі», – дейді ұйымдастырушылар. Заманауи ұстаздың айрықша ерекшеліктері – оның үнемі өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі сынауы, эрудициясы және жоғары жұмыс мәдениеті болуы шарт. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінсіз мұғалімнің кәсіби өсуі мүмкін емес.

Қазіргі мұғалім қол жеткізген нәрсеге ешқашан қанағаттанбауы керек. Бұл өте маңызды. Авторлық бағдарлама мазмұнының негізінде әдістемелік жүйені құрудағы мұғалімнің өзіндік тұлғалық тәжірибесі мен оның қызметінің даралық стилі жатыр. «Мектеп – оқушылар мен ұстаздардың шығармашылық еңбегінің дәрісханасына айналу керек» деген қатысушылар ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Айта кетейік, «T&T – Теория және Тәжірибе: авторлық бағдарламалар алаңы» республикалық онлайн-конференциясы 2025 жылдың сәуір айынан басталып, қазіргі уақытта 3-ші айналымын бастады. Осы уақыт ішінде Түркістан облысының 18 шебер, зерттеуші мұғалімдері осы алаңда өз тәжірибелерін таратты. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Республикалық онлайн-конференция өтті — Өрлеу