Өрлеу

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында 25 қазан – Республика күніне арналған «Егемен елім – еңселі Қазақстан!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Салтанатты жиында институт директоры Нұржан Мәдірайұлы Нұрлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген педагогтерді марапаттады.

Институттың аға оқытушысы Гүлмира Еламанқызы «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік іргетасы» атты баяндама жасады. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның – еліміздің тәуелсіздікке бастар тарихи қадамы екенін атап өтті.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті — Өрлеу