Өрлеу

Кезекті біліктілікті арттыру курстары басталды

Кезекті біліктілікті арттыру курстары басталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында 27 қазан – 6 қараша аралығында мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кезекті қысқамерзімді бюджеттік курстар басталды.

Бұл кезеңде 26 білім беру бағдарламасы бойынша 640 педагог біліктілігін арттырады деп жоспарланған. Атап айтқанда, ағылшын тілі, химия, физика, информатика, бастауыш сынып мұғалімдері мен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған бағдарламалар қамтылған. Бағдарламалар аясында МЖМБС-ны жүзеге асырудың жаңа тәсілдері, «Білім берудегі ЖИ-модельдері», инклюзивті тәсілдер, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, функционалдық сауаттылық, робототехника және STEAM, тәлімгерлік сияқты өзекті бағыттар қарастырылуда.

Курстар филиал базасында және аудан, қалалардағы білім беру ұйымдарында өтуде.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Кезекті біліктілікті арттыру курстары басталды — Өрлеу