Өрлеу

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Тазалық – бір күндік шара емес, күнделікті өмір салты. Ал қоршаған ортаға жанашырлық әр адамның өзінен басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бұл бастамаға мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары мен түрлі сала өкілдері белсенді атсалысуда.

Президент бастамасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан да кең қолдау тапты. Осы орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Орталық аппарат ұжымы жалпыұлттық экологиялық акция аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.

Игі шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов та атсалысты.

Сенбілік барысында ұжым мүшелері аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстарына жұмыла кірісті. Күнделікті қызметте елдің білім беру саласын дамытуға үлес қосып жүрген әріптестер бұл жолы ортақ іске бірігіп, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті.

Мұндай шаралардың маңызы тек аумақты тазартумен шектелмейді. Бұл – әр азаматтың өзі өмір сүретін ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашырлықты күнделікті дағдыға айналдыруға бағытталған ортақ іс.

Әсіресе, білім беру саласы үшін экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мәні зор. Өйткені табиғатты аялау, қоғамдық кеңістікті таза ұстау, айналаға ұқыптылықпен қарау сияқты құндылықтар жас ұрпақтың бойына ең алдымен тәрбие арқылы сіңеді. Ал сол тәрбиенің бастауында педагог пен оның жеке өнегесі тұр.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК! — Өрлеу