Өрлеу

АДАЛ АЗАМАТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ҮЙЛЕСІМІ

АДАЛ АЗАМАТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ҮЙЛЕСІМІ

 Филиалдың аға оқытушысы Гүлнара Абулхайрованың жетекшілігімен «Адал азамат құндылықтарын пәндерді оқытуда интеграциялау» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. 

Семинардың негізгі мақсаты – «Адал азамат» құндылықтарын пәндерді оқыту үдерісінде тиімді кіріктірудің заманауи тәсілдерін педагогтерге таныстыру, тәжірибе алмасу арқылы білім алушылардың адалдық, жауапкершілік, әділдік, еңбекқорлық, отаншылдық және өзара құрмет құндылықтарын жетілдіру   мәселелерін талқылау 

Іс-шара барысында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды пән мазмұнымен сабақтастыру, оларды күнделікті сабақ тәжірибесінде жүйелі жүзеге асырудың тиімді әдістері қарастырылды. Сонымен қатар, педагогтер құндылыққа бағдарланған оқыту тәсілдері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың бойында азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті қалыптастырудың практикалық жолдарын ортаға салды. 

Семинардың басты идеясы – адал азамат тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарының міндеті емес, әрбір пәннің мазмұны мен күнделікті педагогикалық әрекетте көрініс табуы тиіс. Өйткені білімді ұрпақ қалыптастырумен қатар, адамгершілік ұстанымы берік, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу – ортақ міндет.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

АДАЛ АЗАМАТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ҮЙЛЕСІМІ — Өрлеу