Өрлеу

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОБЫ АЯҚТАЛДЫ

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОБЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы аяқталды. Курсқа орта білім беру ұйымдарының басшылары мен математика пәнінің мұғалімдерінен құралған педагогтер қатысты.

Курс тыңдаушыларымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша КДИ филиалының директоры Нұржан Нұрлыбаев сұхбат құрып, педагогтерге қаржылық сауаттылық бойынша біліктілікті арттырудың кәсіби дамудағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар сертификаттар табыстады.

Курс барысында педагогтер қаржылық сауаттылықтың негізгі бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, қаржылық ақпаратты талдау, тиімді қаржылық шешімдер қабылдау және алған білімдерін білім беру үдерісінде қолдану дағдыларын меңгерді.

 

Курс тыңдаушылары патриоттық әндер шырқап, өлең оқыды. Курс тренерлері челлендж ұйымдастырып, «Елге қызмет – абыройлы міндет» сахналық композициясын көпшілік назарына ұсынды. 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОБЫ АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу