Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

«ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ұйымдастырылған педагогтердің біліктілігін арттыру курстары сәтті аяқталды.

Оқу барысында педагогтер кәсіби білімдерін жетілдіріп, құзыреттіліктерін дамытты және білім беру үдерісінде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерді.

Курстар педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуына және алған білімдерін күнделікті педагогикалық қызметінде тиімді қолдануына бағытталды.

Филиал ұжымы курсты табысты аяқтаған тыңдаушыларды құттықтап, кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу