Өрлеу

ҚОСТАНАЙЛЫҚ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ

ҚОСТАНАЙЛЫҚ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында институт директорының орынбасары Жахангир Абдразакович Гаппаров құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерге жаңа оқу жылында кәсіби табыс, шығармашылық ізденіс пен толағай жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар еңбек ардагері Раушан Абдугалиевна Байсарина ізгі тілегін білдіріп, ұстаздарға ақыл-кеңесін жеткізді.

Іс-шара барысында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына ерекше назар аударылып, оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына қосқан үлесі мен ағартушылық мұрасы дәріптелді.

Салтанатты жиын музыкалық қойылымдармен және алғашқы қоңырау үнімен жалғасты.

Жаңа оқу жылы барша педагогтер үшін тың бастамалар мен кәсіби жетістіктерге толы болсын!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТЫНДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАЛДЫ — Өрлеу