ҰЛТТЫҚ БАНКТЕ «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде педагогтерге арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсының кезекті легі сәтті аяқталды.
Курс барысында педагогтер қаржылық сауаттылық саласындағы білімдерін кеңейтіп, жеке қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау және қаржылық шешімдерді тиімді қабылдау бойынша құзыреттіліктерін жетілдірді.
Оқыту барысында алған білімдерін педагогикалық тәжірибеде қолдануға және білім алушылардың қаржылық сауаттылығын дамытуға ерекше назар аударылды.
Курсты сәтті аяқтаған педагогтерді құттықтаймыз! Алған білімдері кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа жетістіктерге жетелей берсін!
Басқа жаңалықтар

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Педагогтерді аттестациядан өткізудің пилоттық жобасы: Негізгі алгоритмдер мен талаптар
Пилоттық жобаны ұйымдастыру мен іске асырудағы жүйелі жұмыстың мазмұны мен күтілетін нәтижесі талданды.