Өрлеу

Ортақ еңбекке – лайықты баға

Ортақ еңбекке – лайықты баға
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада өткен Тамыз конференциясын ұйымдастыруға атсалысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ орталық аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Алғыс хаттары табысталды.
Министр ауқымды іс-шараны өткізу барысында «Өрлеу» ұжымы танытқан жауапкершілік, кәсібилік пен ұйымшылдықты атап өтіп, конференцияның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне қосқан еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
«Үлкен жетістік – бірлескен еңбектің нәтижесі».
Бұл марапат – ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек еткен ұжымның кәсібилігі мен жауапкершілігіне берілген лайықты баға.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Жаңа бастамаларыңыз сәтті болып, еңбектеріңіз толағай табыстармен жалғаса берсін!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Ортақ еңбекке – лайықты баға — Өрлеу