Өрлеу

«Мұғалім журналы» журналы мақалаларына сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы

«Мұғалім журналы» журналы мақалаларына сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Акмола облысы бойынша филиалында республикалық ғылыми-әдістемелік «Мұғалім журналы» журналына келіп түскен мақалаларға сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы өтті.
Фокус-топ құрамына біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары – химия пәні мұғалімдері кірді. Біздің педагогтер тәуелсіз сарапшылар ретінде журналға келіп түскен мақалаларға талдау жасады. Талқылау барысында келесі мәселелерге баса назар аударылды:
 * ұсынылған материалдардың өзектілігі мен жаңашылдығы;
 * ғылымилығы мен әдістемелік құндылығы;
 * химияны оқытудағы тәжірибелік қолданылуы;
 * журналдың жарияланым талаптарына сәйкестігі.
Мұғалімдер әрбір мақалаға объективті баға беріп қана қоймай, материалдарды жетілдіру бойынша авторларға нақты ұсыныстар әзірледі. Жұмыстың мұндай форматы – кәсіби өсу, сараптамалық құзыреттілікті дамыту және педагогикалық тәжірибе алмасу үшін тамаша мүмкіндік.
Химия пәні мұғалімдеріне белсенді жұмысы және «Мұғалім журналы» журналына сараптама жүргізудеги кәсіби көзқарасы үшін алғыс білдіреміз!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«Мұғалім журналы» журналы мақалаларына сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы — Өрлеу