+7 (7172) 55 95 55

M

08.04.2026

Консультативтік Кеңестің мүшесі Томас Хэрриотпен кездесу өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында халықаралық сарапшы, Ifield Community College директорының орынбасары, EdD (Cambridge University) доктор, Консультативтік Кеңестің мүшесі Томас Хэрриоттың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында «Өрлеудің» 2026 жылы әзірлеген білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігі талқыланды. Сонымен қатар, жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды. Доктор Томас Хэрриоттың кәсіби сараптамасы аясында биология және химия пәндері бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылып, олардың мазмұны мен халықаралық талаптарға сәйкестігі талқыланды.

Кездесу барысында курстан кейінгі сүйемелдеу жүйесіне ерекше мән берілді. Мұғалімдердің алған білімін тәжірибеде қолдану тетіктері және оқу жылы бойындағы әдістемелік қолдаудың маңызы жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар жас педагогтерге арналған жаңа бағыттар таныстырылды.

Бұдан бөлек, біліктілікті арттыру жүйесіндегі заманауи трендтер талқыланып, халықаралық сарапшы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол білім беру саласындағы қазіргі тенденциялар, деректерге негізделген басқару, білім беру аналитикасы және кәсіби даму жүйесін жетілдіру бағыттары бойынша өз көзқарасын білдіріп, цифрлық экожүйені дамыту, деректерді жинау мен талдау, зерттеу қызметін жетілдіру және халықаралық жобаларға қатысу мәселелеріне де тоқталды.