+7 (7172) 55 95 55

M

27.03.2026

Мереке қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірқатар қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Әбішева Нұргүл Молдабайқызы — Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры, филология ғылымдарының кандидаты.

ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.

Ол 1988 жылы Черкассы мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған, 2016 жылдан бастап филиал директоры қызметін атқарады.

Шпигарь Наталья Николаевна —Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі.

ҚР білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.

1990 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар. Информатика бойынша педагогика ғылымдарының магистрі. Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінде «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» бағыты бойынша аспирантураны аяқтаған. Еңбек жолын ауыл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004 жылдан бастап «Өрлеу» жүйесінде қызмет атқарады, 2018 жылдан бері директордың орынбасары, 2016–2018 жылдары филиал директорының міндетін атқарған.

Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы —ШҚО бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталады.

1990 жылы Өскемен педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «Біліктілікті арттыру үдерісінде мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы ретіндегі мониторинг» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. 1999 жылдан бастап «Өрлеу» жүйесінде жұмыс істейді, 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін филиал директоры қызметін атқарады.