Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Өрлеу» ұлттық орталығының шақыруымен 2025 жылғы Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) нәтижелерін таныстырды.
«Өрлеу» үшін бұл деректердің практикалық маңызы зор. ББЖМ нәтижелері оқушылардың біліміндегі олқылықтар мен өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын жаңартуға қолданылатын болады.
Қатысушылар ББЖМ нәтижелерін оқушылардың оқу жетістіктеріне әсер ететін түрлі факторлар тұрғысынан да талқылады.


