+7 (7172) 55 95 55

M

31.03.2026

Қызылорда облысы филиалының директоры Мемлекет басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қызжібек Абдраманова жаңа Конституцияның қабылдануына үлес қосып, Республикалық референдумның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қызжібек Сатыбалдықызы – білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог, білікті басшы. Ол педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға елеулі үлес қосып, өңір мұғалімдерінің сапалы білім беруіне ықпал етіп келеді. Оның жетекшілігімен жүзеге асырылған жобалар педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, шетелдік сарапшыларымен бірлескен жобаларға қатысу арқылы отандық білім беру мазмұнын жетілдіруге өз үлесін қосты. «Шекарасыз білім» жобасы аясында Финляндия, Эстония елдерінде тағылымдамадан өтті. Халықаралық жобаларға қатысып, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынып, кәсіби қауымдастықтың дамуына белсенді атсалысып келеді.

Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтап, толағай табыстар тілейміз.