+7 (7172) 55 95 55

M

27.04.2026

Педагогтерді қолдау және курстарды дамыту – «Өрлеу» орталығындағы кеңестің негізгі тақырыптары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов өңірлік филиалдар басшыларымен аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында педагогтерге арналған білім беру курстарын ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Кеңеске қатысушылар алда өтетін республикалық бірыңғай семинар-тренингке дайындыққа ерекше назар аударды. Бұл шара «Адал азамат» тұжырымдамасы арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтарын түсіндіруге бағытталған. Іс-шараның мақсаты – Конституциядағы негізгі қағидаларды оқу үдерісіне енгізу, сондай-ақ оларды жауапты азамат тәрбиелеу және адам капиталын дамыту бағыттарымен байланыстыру.

Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Сәуле Вильданова баяндама жасап, «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсын аяқтаған педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстары бойынша жан-жақты талдау ұсынды. Сонымен қатар, «Өрлеу» орталығының Алматы және Шымкент қалаларындағы филиал басшылары ағымдағы қызмет пен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді.

Басқарма төрағасы білім беру бастамаларын жүзеге асыруда мерзімдердің сақталуы мен тиімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік филиал басшыларына тапсырмаларды сапалы орындауға бағытталған нақты міндеттер жүктелді.