Өрлеу

Мектепалды даярлықты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері

Дошкольное воспитание и обучение

от 12 000 ₸

Бағдарлама мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының педагогтерінің 5 жастағы балаларды бастауыш білім алуға сапалы даярлауға бағытталған заманауи тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған. Бағдарламада ойын және инклюзивті тәсілдерді қолдануға, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, сауат ашуға дайындық пен қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Курс барысында тыңдаушылар заманауи білім беру ортасын жобалау тәсілдерін меңгереді, жеке білім беру бағыттарын әзірлеуді, педагогикалық диагностикалау құралдарын қолдануды, цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект технологияларын мектепалды даярлықтың сапасын арттыру мақсатында тиімді пайдалануды үйренеді.

  • Целевая аудиториямектепалды даярлық топтары/сыныптарының педагогтері
  • Язык обученияҚазақша
  • Формат обученияКүндізгі / Қашықтықтан / Аралас
  • Количество часов36/72
  • Год разработки2026 ж.
  • Срок действия2029 ж. маусым
  • Код курсаHLOY7
  • Утверждение№237, 09.07.2026 ж.
Мектепалды даярлықты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері — Өрлеу