Жас ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған мамандыққа кіріспе
Среднее образование
«Жас ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған мамандыққа кіріспе» білім беру бағдарламасы жас педагогтердің кәсіби қалыптасуын қолдауға бағытталған заманауи курс. Бағдарлама тыңдаушыларды білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық негіздермен, педагогикалық этика қағидаттарымен және ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру жолдарымен таныстырады. Сонымен қатар курс ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістемелерін, сабақ жоспарлау мен бағалауды, цифрлық технологияларды қолдануды, инклюзивті білім беру тәсілдерін және сыныпты басқару дағдыларын қамтиды. Практикалық тапсырмалар мен микрооқыту элементтері арқылы қатысушылар кәсіби құзыреттерін жетілдіріп, заманауи мектеп жағдайында табысты жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.
- Целевая аудиторияАғылшын тілі пәнінің мұғалімдері
- Язык обученияҚазақша
- Формат обученияКүндізгі / Онлайн
- Количество часов80
- Год разработки2025 ж.
- Срок действия2028 ж. шілде
- Код курса75AOO
- Утверждение№264, 20.08.2025 ж.