«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары

Бұл жинаққа енгізілген баяндамалар мазмұны Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі, қайраткерлігі мен күрескерлігі, шығармашылық мұрасына арналып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ терминологиясына қосқан үлесі, ақын шығармаларының тәрбиелік мәні, педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерінің маңыздылығы т.б. мәселелерін қамтиды.
Жинақ материалдары жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына, жалпы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.