Өрлеу

Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу

2020Қазақша

Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу

Кейсте мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан алдын алу, қауіп-қатерді болдырмау, қауіпті сәттерден сақтануына қатысты іс-тәжірибелер жинақталған. Қазіргі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдаяттары көптеп кездеседі. Осы жағдаяттардан шығудың және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында алдын-алудың негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттары қамтылған. Теориялық бөлімде зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлерімен салдарына нақты түсініктемелерді берілсе, тәжірибелік бөлімінде жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық–зомбылықтың жағдаяттарынан шығудың псиодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық әдіс-тәсілдермен іс-шаралар жүйесін
ұсынған.

Кейс мазмұнында балалардың жас ерекшелігіне орай бейімделуін анықтайтын бақылау әдістерімен келеңсіз жәйттерді болдырмау, алдын-алу мақсатында оқушылармен, ата-аналар және мұғалімдермен психологиялық бағыттағы жұмыстар толықтырылып, басқарушы шешімдер ұсынылған. Жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтарына, әлеуметтік
педагогтарына арналған.