Қазақстанда алғаш рет «Дәнекерлеу ісі» мамандығы халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтті
Шахтинск технологиялық колледжі «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы KazWeld өткізген салалық аккредитациядан сәтті өтті. Бұл аккредитация Халықаралық дәнекерлеу институтының International Institute of Welding (IIW) стандарттарына сәйкес жүргізілді. Осылайша колледж аталған бағыт бойынша халықаралық талаптарға сай екені ресми түрде расталған Қазақстандағы алғашқы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатарына кірді.
Аккредитациялау барысында KazWeld сарапшылары оқу орнының білім беру бағдарламаларын, материалдық-техникалық базасын, кадрлық әлеуетін және білім алушылардың даярлық деңгейін кешенді түрде бағалады. Сараптама нәтижесі бойынша колледждің халықаралық салалық стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.
Аккредитация қорытындысы педагогтер мен студенттердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Өндірістік оқыту шебері халықаралық деңгейдегі практик-маман дипломын алды, ал оқытушыға халықаралық дәнекерлеу маманы мәртебесі берілді. Сонымен қатар 2,3 курс студенттері арасынан 10 білім алушы халықаралық практикалық аттестациядан сәтті өтіп, өз біліктіктерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін дәлелдеді.
Халықаралық салалық аккредитация оқу орны үшін білім сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол студенттерге IIW стандарттарына негізделген практикалық бағыттағы даярлықтан өтуге мүмкіндік беріп, түлектердің отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.
Другие новости

РАЗЪЯСНЕН ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ
8 октября в соответствии с планом под руководством заместителя директора филиала АО «НЦПК «Өрлеу» «Институт профессионального развития по Западно-Казахстанской области» К. Байкатовой состоялась информационно-разъяснительная встреча по вопросам пилотного проекта аттестации педагогов. Участниками встречи стали слушатели курсов повышения квалификации, проходящих на базе института. Во встрече приняли участие учителя истории, информатики, географии и начальных классов, педагоги…

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
5 қазанда «Өрлеу» Қараганды филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Өңірдің 42 педагогы жеңімпаз атанды: «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын ТОКМУРЗИНОВА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА II орын БАЙКЕНОВА ЕЛЕНА ДМИТРИЕВНА МЫРЗАХАНОВА БИБИГУЛЬ ХАМИТОВНА III орын АМЕТХАН ЖАНАРЫС ЕДІЛБАЙ ГҮЛНАЗ АҒЛАНҚЫЗЫ КИМ ОЛЕСЯ ПАВЛОВНА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын АБДРАХМАНОВА АЙГЕРИМ КАЛЫМХАНОВНА II…

ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ: ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА
В Институте профессионального развития по городу Шымкент АО «НЦПК «Өрлеу» продолжается информационно-разъяснительная и консультационно-методическая работа в рамках пилотного проекта по аттестации педагогов. В институте состоялась разъяснительная встреча для педагогов организаций образования. В ходе встречи были разъяснены требования, установленные приказом исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 5 июня 2026 года №159-НҚ, а также новый порядок…