«Біртұтас команда – жайлы мектеп» педагогтер арасында тиімді қарым-қатынас құруға арналған тренинг өтті
Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен №217 мектептің базасында «Біртұтас (ұйымшыл) команда – жайлы мектеп» тақырыбында команда құруға арналған тренинг өтті. Іс-шара педагогтер арасында тиімді қарым-қатынас орнатуға, бірлескен жұмыс мәдениетін дамытуға және білім беру ұйымында қолайлы, қолдаушы орта қалыптастыруға бағытталды.
Тренинг барысында қатысушылар командалық жұмыстың маңыздылығы, сенімге негізделген өзара әрекеттестік, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және жауапкершілікті тиімді бөлу мәселелері бойынша практикалық тапсырмалар орындады. Интерактивті жаттығулар педагогтерге бір-бірін тереңірек танып, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеудің тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік берді.
Аталған іс-шараны «Өрлеу» Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Сандуғаш Көмекова мен Назерке Қарабалаева жүргізді. Тәжірибелі тренерлер қатысушылармен еркін форматта жұмыс жүргізіп, кәсіби тәжірибеге негізделген әдістемелік ұсыныстар мен практикалық кеңестер ұсынды.
Тренинг педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға, сондай-ақ «жайлы мектеп» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға өз үлесін қосты.
Другие новости

РАЗЪЯСНЕН ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ
8 октября в соответствии с планом под руководством заместителя директора филиала АО «НЦПК «Өрлеу» «Институт профессионального развития по Западно-Казахстанской области» К. Байкатовой состоялась информационно-разъяснительная встреча по вопросам пилотного проекта аттестации педагогов. Участниками встречи стали слушатели курсов повышения квалификации, проходящих на базе института. Во встрече приняли участие учителя истории, информатики, географии и начальных классов, педагоги…

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
5 қазанда «Өрлеу» Қараганды филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Өңірдің 42 педагогы жеңімпаз атанды: «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын ТОКМУРЗИНОВА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА II орын БАЙКЕНОВА ЕЛЕНА ДМИТРИЕВНА МЫРЗАХАНОВА БИБИГУЛЬ ХАМИТОВНА III орын АМЕТХАН ЖАНАРЫС ЕДІЛБАЙ ГҮЛНАЗ АҒЛАНҚЫЗЫ КИМ ОЛЕСЯ ПАВЛОВНА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын АБДРАХМАНОВА АЙГЕРИМ КАЛЫМХАНОВНА II…

ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ: ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА
В Институте профессионального развития по городу Шымкент АО «НЦПК «Өрлеу» продолжается информационно-разъяснительная и консультационно-методическая работа в рамках пилотного проекта по аттестации педагогов. В институте состоялась разъяснительная встреча для педагогов организаций образования. В ходе встречи были разъяснены требования, установленные приказом исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 5 июня 2026 года №159-НҚ, а также новый порядок…