«Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбында екі күндік тренинг өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Келешек мектептер» жобасы аясында педагогтерге арналған «Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбындағы екі күндік тренинг 2026 жылғы 5–6 қаңтар күндері Алатау ауданы №213 мектеп базасында өтті.
Аталған тренингтің басты мақсаты – педагогтердің командалық жұмыс дағдыларын дамыту, өзара сенім мен тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымында жағымды психологиялық ахуал мен орнықты мектеп мәдениетін нығайту болды.
Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жақсым Орынбек Исаұлы мен Байболова Гүлжанат Ғабдуләхметқызы жүргізді. Тренинг барысында қатысушылар командалық өзара әрекеттестікке бағытталған практикалық тапсырмалар орындап, бірлескен жұмыс барысында тиімді коммуникация орнату жолдарын меңгерді.
Тренинг мазмұнында Р. М. Белбиннің командалық рөлдері теориясына ерекше назар аударылды. Аталған модель арқылы әрбір педагогтің командадағы жеке рөлі, қабілеті мен әлеуеті айқындалып, ұжымдық жұмыста әр адамның құндылығы мен маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өздерінің басым рөлдерін анықтап, команданың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Сонымен қатар тренинг барысында мектеп ұжымында сенімді қарым-қатынас орнату, бірін-бірі қолдау, ортақ мақсатқа жұмыла әрекет ету секілді маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған интерактивті жаттығулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Тренинг нәтижесінде педагогтер командалық жұмыстың тиімді үлгілерін меңгеріп, «жайлы мектеп» қалыптастыру жолындағы ортақ құндылықтарды терең түсінді. Алынған тәжірибе білім беру ұйымындағы кәсіби өзара іс-қимылды жетілдіруге және мектеп қауымдастығында жағымды атмосфера орнатуға ықпал етеді.
Другие новости

РАЗЪЯСНЕН ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ
8 октября в соответствии с планом под руководством заместителя директора филиала АО «НЦПК «Өрлеу» «Институт профессионального развития по Западно-Казахстанской области» К. Байкатовой состоялась информационно-разъяснительная встреча по вопросам пилотного проекта аттестации педагогов. Участниками встречи стали слушатели курсов повышения квалификации, проходящих на базе института. Во встрече приняли участие учителя истории, информатики, географии и начальных классов, педагоги…

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
5 қазанда «Өрлеу» Қараганды филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Өңірдің 42 педагогы жеңімпаз атанды: «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын ТОКМУРЗИНОВА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА II орын БАЙКЕНОВА ЕЛЕНА ДМИТРИЕВНА МЫРЗАХАНОВА БИБИГУЛЬ ХАМИТОВНА III орын АМЕТХАН ЖАНАРЫС ЕДІЛБАЙ ГҮЛНАЗ АҒЛАНҚЫЗЫ КИМ ОЛЕСЯ ПАВЛОВНА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын АБДРАХМАНОВА АЙГЕРИМ КАЛЫМХАНОВНА II…

ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ: ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА
В Институте профессионального развития по городу Шымкент АО «НЦПК «Өрлеу» продолжается информационно-разъяснительная и консультационно-методическая работа в рамках пилотного проекта по аттестации педагогов. В институте состоялась разъяснительная встреча для педагогов организаций образования. В ходе встречи были разъяснены требования, установленные приказом исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 5 июня 2026 года №159-НҚ, а также новый порядок…