«Ұстаз» платформасында AI-ассистент іске қосылды
Жаңа цифрлық көмекші педагогтерге платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, техникалық мәселелерді жедел шешуге және аттестаттау үдерісіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алуға көмектеседі. AI-ассистент аттестаттау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары, материалдарды жүктеу ережелері және платформамен жұмыс істеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. Ұсынылатын барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №83 бұйрығымен бекітілген нормативтік талаптарға толық сәйкес беріледі. Бұл…
