Семинар «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру»
14.01.2026 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты мен Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Гуманитарлы-педагогикалық факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Искакова Лаура Турлыбековна семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйледі.
Семинар аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының аға оқытушысы Турсынбаева Зульфия Патаевна «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктіру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктіру – бұл бір реттік шара емес, жүйелі, көпқырлы және ұзақ мерзімді үдеріс. Ол нормативтік негізге, кәсіби қолдауға, бейімделген оқытуға және адами көзқарасқа сүйенгенде ғана нәтижелі болады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары талқыланды.
Іс-шара барысында келесі спикерлер өз баяндамаларын ұсынды:
• Утесинова Жанна Бисенкызы – Шымкент қаласының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары,
«Психологическая парадигма инклюзивной образовательной среды»;
• Саруарбекова Айганым Арыстанбековна – Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметі: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды кешенді қолдау тәжірибесі»;
• Абуова Нурипа Калаубековна – Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ дефектологы, «Ақыл-ойы кемістігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру»;
• Сапарбекова Индира Утегеновна – Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Филология» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы, «Переосмысление принципов равенства и инклюзивности в сфере образования».
Семинар барысында қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдермен, педагогикалық қолдау көрсетудің тиімді жолдарымен, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жүргізудің практикалық құралдарымен танысты. Аталған іс-шара білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Другие новости

РАЗЪЯСНЕН ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ
8 октября в соответствии с планом под руководством заместителя директора филиала АО «НЦПК «Өрлеу» «Институт профессионального развития по Западно-Казахстанской области» К. Байкатовой состоялась информационно-разъяснительная встреча по вопросам пилотного проекта аттестации педагогов. Участниками встречи стали слушатели курсов повышения квалификации, проходящих на базе института. Во встрече приняли участие учителя истории, информатики, географии и начальных классов, педагоги…

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
5 қазанда «Өрлеу» Қараганды филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Өңірдің 42 педагогы жеңімпаз атанды: «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын ТОКМУРЗИНОВА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА II орын БАЙКЕНОВА ЕЛЕНА ДМИТРИЕВНА МЫРЗАХАНОВА БИБИГУЛЬ ХАМИТОВНА III орын АМЕТХАН ЖАНАРЫС ЕДІЛБАЙ ГҮЛНАЗ АҒЛАНҚЫЗЫ КИМ ОЛЕСЯ ПАВЛОВНА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» номинациясы бойынша I орын АБДРАХМАНОВА АЙГЕРИМ КАЛЫМХАНОВНА II…

ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО АТТЕСТАЦИИ ПЕДАГОГОВ: ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА
В Институте профессионального развития по городу Шымкент АО «НЦПК «Өрлеу» продолжается информационно-разъяснительная и консультационно-методическая работа в рамках пилотного проекта по аттестации педагогов. В институте состоялась разъяснительная встреча для педагогов организаций образования. В ходе встречи были разъяснены требования, установленные приказом исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 5 июня 2026 года №159-НҚ, а также новый порядок…