Форум аясында «Өрлеу» СҚО филиалының ҚҒБ кафедрасының аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапат Гүлзат Кенжебекқызына Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, өркендеу жолындағы абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін табысталды.
Гүлзат Кенжебекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық өрлеу тілейміз!


