Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан педагогтер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны офлайн форматта 70 педагогті, ал онлайн қосылымда 300-ден астам қатысушыны құрады.
Пленарлық бөлімде төмендегі спикерлер сөз сөйледі:
Лейла Альмагамбетова, Петропавл қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
Бақыт Алдабергенова, Петропавл қаласы, «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ директоры, химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер;
Айнур Акатаева, Астана қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының жетекшісі міндетін атқарушы. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасы бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелері»;
Жахонгир Гаппаров, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші, «Үздік педагог – 2023». Баяндама тақырыбы: «Функционалдық сауаттылық пен тиімді басқару синергиясы: ЖИ құралдары арқылы шағын жинақты мектептің тұрақты дамуы»;
Райса Абуева, Петропавл қаласы, «С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог» атағының иегері, педагог-шебер. Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми ізденіс әлеміне баулу»
4 секция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
жаратылыстану пәнін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамытудағы тиімді тәжірибелер;
Оқу сауаттылығы және мәтінмен жұмыс:Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде талдау, түсіну және бағалау;
Математикалық сауаттылық: ЖИ көмегімен тапсырма әзірлеу және сабақты жобалау;
Цифрлық технологиялар және зерттеушілік қызмет: ЖИ негізінде білім алушының құзыреттілігін дамыту
Педагог-шеберлер және педагог-зерттеушілер шеберлік сабақтарын өткізіп, ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибелік кейстерді талқылады.
Республикалық семинар тәжірибе алмасуға және ЖИ қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамытудың заманауи тәсілдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.


