Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері арасында өтетін «Жүзден жүйрік – 2026» облыстық кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өтуде. Бұл – кәсіби даму, тәжірибе алмасу және шабыт алуға арналған маңызды алаң.
Қатысушылар TED-talk форматында өздерінің авторлық идеяларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи тәсілдерді көрсетуде.
Барлық қатысушыларға сәттілік, өз күштеріне сенім және жарқын өнер көрсетулер тілейміз! Әрқайсысы өздерінің ең үздік нәтижелерін көрсетсін!


