Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды
– Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613;
– Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12%;
– Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ы;
Осылайша республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептеледі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қазақстанның жаңа Ата заңын қабылдауға арналған жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық міндетін орындады.

