Семинар жұмысына 104 педагог пен 66 білім алушы қатысты. Кездесуде мектеп директорлары мен директор орынбасарлары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология және басқа да пән мұғалімдері болды.
Семинардың басты назарында PISA зерттеуінің деректерін дұрыс оқу және интерпретациялау, маңыздысы – зерттеу нәтижелерін нақты басқарушылық және педагогикалық шешімдерге айналдыру мәселелері болды.
Пленарлық бөлімде «Өрлеу-СКО» филиалының, Петропавл қаласындағы НЗМ-нің, облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының және Солтүстік Қазақстан облысы мектептерітөкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. PISA нәтижелері, мектепішілік функционалдық сауаттылықты дамыту жүйесін ұйымдастыру, өңірлік мониторинг нәтижелері мен талдаудан мұғалімнің нақты тәжірибесіне көшу мәселелері талқыланды.
Практикалық бөлім бес секция бойынша ұйымдастырылды: оқу және тілдік сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, сондай-ақ PISA деректері негізінде білім сапасын басқару.
Шеберлік сабақтары, әдістерді таныстыру және демо-сабақтар барысында қатысушылар ақпарат және мәтіндердің әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу, мағлұматтың дұрыстығын бағалау, дәлелдер тұжырымдау, деректерді талдау, жағдаяттарды модельдеу және практикалық бағыттағы тапсырмаларды шешу тәсілдерін қарастырды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және педагогикалық әрі басқарушылық қызметті жоспарлау барысында деректерді тиімді пайдалануға бағытталған практикалық ұсынымдар алды.
Секция жұмыстары рефлексия, қорытындылау және қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.


